DELUXE рекомендует


 

 

 

 

 

 

 

10 наурызда өтетін «Көктемнің оянуы» атты концертінде «Астана Опера» театрының Камералық залында арфа, скрипка, флейта мен кларнеттің үні қалықтайды. Операның жетекші солисті, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Айгүл Ниязова (сопрано) тыңдарманға жарқын да қуанышты шығармаларды тарту етеді.

 Тамаша вокалды-аспаптық концертке француздық импрессионизм классиктерінің шығармалары көрік береді. Концертті әсем дауысты Айгүл Ниязова ашады. Оның орындауында Ж.Э. Мартинидің өте танымал «Махаббат қуанышы» француздық романсы (1784), сондай-ақ белгілі «Chanson d'amour» және басқа романстар орындалады.

Аспаптық музыканы «Астана Опера» Симфониялық оркестрінің әртістері: Любовь Ткаченко (арфа), Нарғыз Ережепова (скрипка), Балнут Құдайберген  (скрипка), Толқын Қилыбаева (альт), Балжан Сапарова (флейта), Алмаз Тоқпанов (кларнет), Диларам Тишаева (виолончель), Ботагөз Қалиева (виолончель) тарту етеді.

 Арфа – импрессионист-композиторлардың ең сүйікті аспаптарының бірі – жеке және  ансамбльмен орындалып, вокалды сүйемелдейді.

- Франция, көктем, импрессионизм – біздің концертіміздің идеясын көрсететін үш негізгі сөз. Ерекше аспапты дуэттер мен ансамбльдер ұлы композиторлардың жауһарларын жаңаша естіп, басқаша қабылдауға мүмкіндік береді, ал танымал суретші-импрессионисттердің картиналары музыкадан алған әсерді толықтыра түседі. Біз тыңдарман назарына М. Равель, К. Дебюсси, К. Сен-Санс, Ж. Массне, Г. Форе және тағы басқалардың шығармасын ұсынамыз. Бұл концерттің музыкасы толығымен француздікі, ол бейнелі әрі өте әсерлі. Септетке арналған үш өңдеуді орындаймыз, солардың бірін арфа жеке ойнаса, келесісін – кларнет, ал үшіншісін – флейта. Бұл – К. Дебюссидің «Фавнның бесіндік демалысы» және «Кларнетке арналған рапсодия», сондай-ақ М. Равельдің «Арфаға арналған интродукциясы және аллегросы». Жалпы, бағдарламаға «Астана Опера» сахнасында ешқашан ойналмаған шығармалар енді, - деп ойымен бөлісті арфашы Любовь Ткаченко.

Музыканттар концерттің «Көктемнің оянуы» деп аталуын, суретші-импрессионисттердің картинасын көргенде осы ойға келетінімен түсіндіреді. Олар суретте пайдаланған ашық түстер, көктемгі акварель бояуы, өткінші сұлулық пен қуанышты көңіл-күй аспапшылар орындайтын туындыларда  да бейнеленген.

 

 

 

 

Новый номер

Яндекс.Метрика