Бала бесіктен белі шығып, еңбектенуден өткен соң, аяғын қаз-қаз баса бастайды. Өз аяғымен жерді басып, із түсіріп, өз көзімен алдына қарап, таң-тамаша болады. Бұл кішкентай бөбектің ең алғашқы талпынысы, өзі жасаған тіршілігі. Осындайда дана қазақ баланың келешегіне ақ жол тілеп, «балам тез жүріп кетсін» деген ниетпен «тұсаукесер» тойын жасайды.

Халықтық түсінік бойынша, тұсауы кесілмеген бала сүріншек болады.Тұсаукесер тойы ерекше той, әрбір қазақ шаңырағында ерекше дайындықпен міндетті түрде аталып өтілетін дәстүрлі қуаныш.

Алдымен тұсаукесер күні белгіленіп, арнайы қонақтар шақырылады. Баланың тұсауын кесуді жүрісі жылдам, қимылы ширақ, іске епті қасиеттерімен көзге түсетін қағылез, пысық адам таңдалып алынып, нәрестенің тұсаукесерін соған тапсырады. Сәбидің тұсауын кескен адамға арнайы «тұсау кесер» сыйлығы беріледі.

Әдетте қазақтар бала тұсауын ала жіппен, қылдан ескен шыжыммен кескен. Мұның мәні мынада: қазақ баласын сөзді естіп ұға алатын, айтқанды ептеп істейтін кезінен – осы тұсауы кесілген күннен бастап ұрлыққа, зорлыққа барма, жолама деп баулиды. Біреудің ала жібін аттама, бүлінгеннен бүлдіргі алма дегенді әу бастан-ақ құлағына сіңісті етеді. Тұсаукесер сәті алдында жиналғандар  түрлі-түсті тәтті дәмге толы дастарқан маңына, қызық тамашаға жиналады. Дастарқан жанында аяғы тұсалғанбаланыңарқанын қияды. Тұсауын кескен адамға арнайы сыйлық беріледі.

Бұдан соң, «Жүйрік бол!», «Шауып кет!» т.б. тілектерді айта отырып, сәбиді екі қолынан екі адам жетектейді.. Сәби де оларға ілесіп, жүгіріп кетеді. Осы кезде «Тұсаукесер» жыры шырқалады:

 

Қаз-қаз, балам, қаз балам,

Қадам бассаң, мәз болам.

Қаз-қаз, балам, қаз балам.

Тақымыңды жаз балам.

Күрмеуіңді шешейін,

Тұсауыңды кесейін,

Қадамыңа қарайық,

Басқаныңды санайық,

Қаз-қаз, балам, жүре ғой...

Балтырыңды түре ғой.

Тай-құлын боп шаба ғой,

Озып бәйге ала ғой.

Қаз баса ғой, қарағым,

Құтты болсын қадамың!

Өмірге аяқ баса бер,

Асулардан аса бер.

Жүгіре қойшы, құлыным,

Желбіресін тұлымың.

Елгезек бол, ерінбе,

Ілгері бас, шегінбе.

Автор: Жанна Ибраева

Комментарии

No Avatar
QEJO on чт, 07/07/2016 - 02:44

Казахские(Тюркские) обряды совсем НЕ уважают, намерено и специально что-ли!? Данное действие относится к обряду от УМАЙ (женское начало)! Никаким духом здесь мужчины не должны участвовать! Перерезание пут-верёвок (чёрно-белых) происходит ножом(!) сверху-вниз, а не ножницами! "Манкуртизация" процветает!

Добавить комментарий

CAPTCHA на основе изображений
Введите код с картинки

 

 

 

 

Новый номер

Яндекс.Метрика